Оқиға

Жамбыл облысында алып нәресте дүниеге келді

CC0 / pixabay.com / Нәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Қиындық тудырғаны - ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Таразда салмағы бес келі, бойы 62 сантиметр болатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
"19 сәуір сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне 29 жасар қала тұрғыны түсті. Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, босандыру әдісі туралы мәселе шешілді", - делінген хабарламада.
Өйткені шарана басымен емес, жамбас тұсымен келген. Оның үстіне салмағы әдеттегіден үлкен болып көрінген. Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты балалар табиғи жолмен туылады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны - ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы.

"Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сағат 10:46-да салмағы 5000 грамм және бойы 62 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді. Мұндай нәрестелер "алып" деп аталады", - дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер үлкен салмақты нәрестенің туылуы қалыпты жағдай екенін айтып отыр. Алайда мұндай кезде, көбіне, салмақ анаға түседі. Бұл жолы сәби оңай туылған.
Жыл басынан бері перинаталдық орталықта 2135 бала дүниеге келсе, оның ішінде 5000 граммнан жоғары салмақпен туғандары – 13.
Жаңалықтар
0