Шетелдіктерден қазақ тілін білуді талап ету керек пе: сенат спикерінің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевСөздік
Сөздік - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Қазақстанның ішкі істер министрлігі жыл басынан бері республикаға келетін ресейліктердің легі 14 есеге өскенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейінгі уақытта Қазақстанға жаппай келіп жатқан шетелдіктерге Қазақстанның мемлекеттік тілі мен заңдарын білу бойынша ​​қосымша талаптар қоюдың қажеті бар ма деген сұраққа жауап берді.
Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік тілін білу –республиканың әрбір азаматының міндеті әрі борышы.
"Шетел азаматтарына қатысты айтсақ, олар бізге бір-екі айға уақытша келіп, әрі қарай кетуді жоспарласа, "тілімізді үйреніңдер" деу дұрыс емес. Бұл халықаралық құжаттарға қайшы. Егер олар бізде қалып, жұмыс істеуді жоспарласа, онда ел азаматтарымен бірге Конституция талаптарын орындауға, еліміздің заңдарын сақтауға міндетті", - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өскенін хабарлаған болатын. Егер өткен жылы Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған болса, 2022 жылдың алғашқы үш айында 12 840 ресейлік ЖСН алған.
Жаңалықтар
0