Ресейлік титаннан бас тартқан жағдайда Airbus-ты не күтіп тұр

© АО "Банк развития Казахстана"Титан. Архивное фото
Титан. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Еуропа Ресейді ұшақтардан айыруға тырысып жатыр, бірақ өзі де қиын жағдайға тап болатын түрі бар. Кезекті санкциялар авиағарыш саласындағы негізгі шикізат – титан импортына эмбарго салууы мүмкін. Мұндай жағдайда өндірісті қысқартып, қазір қолда бар техникамен ұшуға тура келеді. Boeing ресейлік жеткізулерсіз-ақ тіршілік ететінін мәлімдеді. Бірақ Airbus мұхиттың арғы бетіндегі бәсекелесінің жете ойластырылмаған қадамын қайталауға дайын емес, деп жазды РИА Новости.
Ресейлік "ВСМПО-Ависма" Boeing компаниясының титанға деген сұрасының үштен бір бөлігін, Airbus-тың 60%-ке дейінгі қажеттілігін және бразилиялық Embraer толық сұранысын қамтамасыз етеді. Наурыздың басында Boeing Ресейден сатып алуларды тоқтатты. Олар бүкіл әлем бойынша жеткізушілер пулын қалыптастыру нәтижесінде "ауқымды қор" бар екенін айтты.
Дегенмен, Airbus кәсіпорнының Еуропадағы сату жөніндегі директоры Воутер Ван Верштің айтуынша, компания 2023 жылдың ортасына қарай өндірісті айына кем дегенде A320 тобына жататын тар корпусты 65 ұшақ шығаруға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Эмбаргоның салдарын есептегеннен кейін еуропалықтар Boeing жасаған қадамнан бас тартты.
Airbus бас директоры Гийом Форидің айтуынша, эмбарго күшіне енсе, қор ұзаққа жетпейді. Сондықтан еуропалық ұшақ өндіруші саясаткерлерді санкциядан бас тартуға шақырды.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Сұлтанов кәсіпкерлерді Ресейге санкция салған елдердің назарына түсіп қалмауға шақырды
Airbus 1990 жылдардан бері "ВСМПО-Ависма" компаниясымен серіктестік орнатқан. Алғашында тек шикізат сатып алды. Одан кейін қосымша құны бар металлургиялық жартылай фабрикаттар қосылды. Бұл штамптау және өңдеуден кейінгі толыққанды өнім.
Титан - өте берік және жеңіл металл. Ұшақтың шасси мен лонжерон секілді ең маңызды бөлшектері дәл осы титаннан дайындалады. Авиациялық қозғалтқыштардың қалақтары, дискілері және басқа бөліктері ыстыққа төзімді титан қорытпаларынан жасалады.
Америкалық Boeing АҚШ, Жапония, ҚХР мен Қазақстандағы басқа жабдықтаушыларға үміт артып отыр. Жапониядағы Toho Titanium мен Osaka Titanium ресейлік "ВСМПО-Ависма" кәсіпорнынан кейінгі ірі өндірушілер. Toho атпшылыққа және ресейлік шикізаттан бас тартуға байланысты өндірісті арттырып жатқанын мәлімдеді. Олардағы тапсырыс көлемі 20%-ке ұлғайды.
Бірақ еуропалықтарға арналған балама мүмкіндіктер тым шектеулі.
"Мысалы, Қазақстан мен Жапонияда титан губкалары мен құймаларын ғана ұсынады. Америкалықтар мен қытайлар еуропалық авиажасау саласының сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Өйткені олар Boeing, Bombardier және басқа да кәсіпорындармен арадағы келісімшарт міндеттемелерін орындауы керек", - дейді тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов.
Ресейлік титанға енгізілген эмбарго ұшақ дайындаушыларға да, олардың негізгі жеткізушілеріне де соққы болады. Атап айтқанда, SpaceX компаниясымен әріптестік орнатқан испан Aernnova Aerospace, Airbus серіктесі, қозғалтқыштар өндірушісі Safran қиын жағдайға тап болатыны анық. Еуроодақтағы авиажасаушылар тапсырысты уақытында орындай алмай, кәсіпорын жүктемесі бәсеңдеп, жұмысшыларды қысқартуға тура келеді.
Бақылаушылардың пікірінше, өткір саяси мәлімдеме жасағанмен, Boeing ресейлік титанға қайта оралады. Ал Мәскеу бәрібір тұтынушысыз қалмайды.
"Металл қоймада жата береді, бұл мұнай немесе газ емес. Оның үстіне әскери-өнеркәсіптік кешенде титанға деген сұраныс жоғары. Ал азаматтық авиацияда өндіріс қысқарады", - дейді тәуелсіз авиасарапшы Дмитрий Адамидов.
Қазақстан, АҚШ, ту - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Саясат
Ресейге қарсы санкция әсері: Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді
Ол америкалық корпорация жалпыэкономикалық жағдайға қатысты шешім қабылдағанын айтты. Ұшақтарға тапсырысты өте ерте жариялайды, ал Ресейге қарсы санкциялар салдарынан әлем экономикасындағы тұралау мен проблемалар кезінде үлкен сұраныс болуы екіталай. Сондықтан Boeing қордағы титанды кәдеге жарата тұруы ықтимал. Бірақ Адамидов жағдай өзгере салысымен Boeing Ресеймен ынтымақтасты қалпына келтіретініне сенімді.
"Титанға салынған эмбарго еуропалық авиаөнеркәсіпті құлдыратып жібереді. Сондықтан бұл сөз күйінде қалуы әбден мүмкін. Әйтпесе, брюссельдік шенеуніктер авиакәсіпорындардағы ашулы қызметкерлердің наразылық акцияларының астында қалуы ықтимал", - дейді Хазанов.
Ресейлік титан индустриясы кез келген уақытта басқа өңір мен кеме жасау, атом энергетикасы, химия өнеркәсібі сынды салаға қайта бейімделе алады.
Жаңалықтар
0