Аңдатпа

Қазақстанда 22 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистрліктер үйі
Министрліктер үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
22 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.30 - "Самұрық - Қазына" АҚ-ның 2021 жылдың алдын ала қаржылық нәтижелері тақырыбындағы баспасөз онлайн-брифингі. Спикер: Назира Нұрбаева - Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі. Трансляция Қордың ресми Youtube арнасында жүргізіледі. Сұрақтар Telegram-да +77018070190 нөмірі бойынша қабылданады.
11.00 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Өрт қаупі бар кезеңнің басталуы туралы" баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Бекболатұлы Дербісов; ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Аблайұлы Төрегелдиев. Трансляцияны мына жерден көруге болады.
11.00 - Ұлттық академиялық кітапханада белгілі саясаттанушы, журналист-публицист, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбайдың "Ғибратты ғұмыр" кітабының тұсаукесері. Кенжеболат Жолдыбай өмірінің соңғы жылдары Бас редакторлар клубының вице-президенті болды. Кенеттен науқастануына байланысты 28 ақпанда 70 жасында Кенжеболат Махмұтұлының өмірі үзілді. Алайда ол өзінің туған ағасы ғалым Жақан Махмұтұлы Махмұтовты еске алып, замандастарының мемуарларынан тұратын "Ғибратты ғұмыр" кітабын жазып үлгерді. Бас редакторлар клубы осы кітапты таныстырады. Іс-шараға сенат пен мәжілісінің депутаттары, БАҚ басшылары қатысады. Аккредиттеу 21 сәуір сағат 17.00-ге дейін электрондық пошта арқылы жүргізіледі asemkgr@mail.ru. Ұйымдастырушы: Бас редакторлар клубы, +77779998656.

НҰР-СҰЛТАН

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы және композитор Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді. Мерейтойға арналған салтанатқа Алматы, Петропавл, Қарағанды, Мәскеу және басқа да қалалардан өнер, мәдениет қайраткерлерінің, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің делегациялары келеді (15.00 - Кәкімбек Салықов 2002-2013 жылдары тұрған үйде мемориалдық тақтаның ашылуы, Мекен-жайы: Бөгенбай батыр даңғылы, 36а (Желтоқсан көшесінің қиылысы, 17.00 - көрменің ашылуы). Кәкімбек Салықовтың естелік фотосуреттері мен кітаптары. Көрме Мемлекеттік филармония ғимаратының фойесінде өтеді. Мекенжайы: Кенесары көшесі, 32, 18.00 - "Жезкиік" - мемлекеттік филармонияның солистері мен шығармашылық ұжымының концерті. WhatsApp: Әділхан Елемесов +7 701 415 75 96.

АЛМАТЫ

10.00 - Алматы қаласы мен институттың гастроэнтеролог дәрігерлеріне және эндоскопистеріне Ресейдің Premuim жетекші медициналық клиникасының профессоры Петр Щербаковтың қатысуымен шеберлік сағаты өтеді. Оның барысында видеокапсулалық эндоскопия – Smart Capsule жаңа буынының тұсаукесері өтеді. Аккредиттеу бойынша: sulushash777@mail.ru , press_ncvb@mail.ru. Байланыс: 8-727-2330144, тел.: 87017020346, 87014601395. Әйтеке би көшесі, 120.
19.00 - "Егіз" тобының классикалық гитарасының концерті (La Boheme театры, 2 павильон, Зенков көшесі, 24).
19.30 - Джаз кеші (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

23-24 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

23-24 сәуір - "Русский домда" Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының "Ресейде оқы" көрме-тұсаукесері өтеді. Көрмеде Ресей университеттерінің өкілдері 300-ден астам түрлі оқу бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ, келушілердің назарына ресейлік білім беру және университетті бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы дәрістер мен презентациялар ұсынылады.
25 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11:00 - "Браконьерлікпен күрес шаралары туралы" онлайн брифинг өтеді. Спикер: Жармағамбетов Әлішер Исматұлы – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы. Сауалдарды 22 сәуір 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды мекенжайына немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp нөміріне жолдауға болады.
Жаңалықтар
0