https://sputnik.kz/20220421/philips-kompaniyasy-qazaqstandyq-galym-24353554.html
Philips компаниясы қазақстандық ғалымның технологиясын қолданады
Philips компаниясы қазақстандық ғалымның технологиясын қолданады
Sputnik Қазақстан
Шетелдік компания отандық ғалым ойлап тапқан қазақ тіліндегі сөздерді тануға арналған технологияға қызығушылық танытты 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T11:26+0500
2022-04-21T11:26+0500
2022-04-21T11:26+0500
білім
ғалым
https://sputnik.kz/img/979/13/9791357_72:0:1996:1082_1920x0_80_0_0_d94bb291d893a056b671b42d23431fb5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Нидерландыдағы танымал Philips компаниясы қазақстандық ғалым Өркен Мамырбаевқа серіктестік ұсынды. Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми қызметкері Өркен Мамырбаев қазақ тілінде айтылған сөзді тануға арналған жүйе ойлап тапты. "Kazak ASR интеллектуалды жүйесі Telegram мессенджерінде чат-бот ретінде жұмыс істеп тұр. Жүйе дауыс сигналдарын анықтап, оларды бір-бірімен байланысты мәтінге айналдырады", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта қазақ тілінде айтылған сөзді тану технологиясын Philips компаниясының өніміне енгізуге дайындық жүріп жатыр. Қазақстан нарығына арналған коллаборация аясында айтылған сөзді автоматты түрде мәтінге айналдыратын Philips-тің дыбыс тану мүмкіндігі бар Smart Mike Duo микрофоны ұсынылады. "Мұндай микрофон ақпаратты мәтін түрінде сақтау қажеттілі туындайтын түрлі жиындарда хаттамалар үшін керек болады", - деді Өркен Мамырбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/13/9791357_312:0:1755:1082_1920x0_80_0_0_03cdb9212484b15af665bb12e0b6ae1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғалым
Philips компаниясы қазақстандық ғалымның технологиясын қолданады
Шетелдік компания отандық ғалым ойлап тапқан қазақ тіліндегі сөздерді тануға арналған технологияға қызығушылық танытты
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Нидерландыдағы танымал Philips компаниясы қазақстандық ғалым Өркен Мамырбаевқа серіктестік ұсынды.
Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми қызметкері Өркен Мамырбаев қазақ тілінде айтылған сөзді тануға арналған жүйе ойлап тапты.
"Kazak ASR интеллектуалды жүйесі Telegram мессенджерінде чат-бот ретінде жұмыс істеп тұр. Жүйе дауыс сигналдарын анықтап, оларды бір-бірімен байланысты мәтінге айналдырады", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қазақ тілінде айтылған сөзді тану технологиясын Philips компаниясының өніміне енгізуге дайындық жүріп жатыр.
Қазақстан нарығына арналған коллаборация аясында айтылған сөзді автоматты түрде мәтінге айналдыратын Philips-тің дыбыс тану мүмкіндігі бар Smart Mike Duo микрофоны ұсынылады.
"Мұндай микрофон ақпаратты мәтін түрінде сақтау қажеттілі туындайтын түрлі жиындарда хаттамалар үшін керек болады", - деді Өркен Мамырбаев.