Өңірлер

Павлодар облысының екі ауданында балық қырылды

© Sputnik / Елена Бережнаяархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Павлодар облысы экология департаментінің мамандары су сынамасын алды
НҰР-СҰЛТАН, 21 cәуір – Sputnik. Павлодар облысының Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласы маңындағы су нысандарында балық қырылды, деп хабарлады Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.
Инспекция мәліметіне сәйкес, 19 сәуірде арнайы комиссия Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылына жақын маңдағы Ломовая атты өзеніне барған.
Павлодар облысы экология департаментінің мамандары су сынамасын алды.
"Балық қырылған жерді тексеру кезінде комиссия Ильюшка шағын өзенінің бір жерінде мұздатудың болғанын анықтады. Ильюшка шағын өзенінде балықтың қырылуының нақты себебі Павлодар облысының экология департаментінен зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген ақпаратта.
Жергілікті атқарушы органдар қырылған балықты жинап, кәдеге жаратады. Оның көлемі - 25 кг шортан.
Жаңалықтар
0