Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Кәрім Мәсімов тергеу изоляторындағы жағдайға қатысты шағымданған жоқ – ҰҚК

© Sputnik / Владислав ВодневКәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда қызметінен босатылып, 8 қаңтарда ұсталды
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауда ұстау жағдайына, оның ішінде медициналық көмектің көрсетілуіне қатысты шағымданбаған, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны, соған байланысты оны босату қажет екені туралы ақпарат тарады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында К.Мәсімов Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағынан қамтамасыз етілген. Оның тарапынан күзетпен ұстау жағдайында, оның ішінде медициналық көмек көрсетуге қатысты шағым түспеген", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Мәсімов қалай ұсталды

Қазақстанда 2022 жылдың басында болған тәртіпсіздіктерден кейін бірқатар шенеунік қызметінен босатылып, бірқатары ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда ұсталды.
Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды.
Артынан Мәсімовтің тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Басында Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу басталған. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінді. Оның коттеджінен бума-бума доллар мен қымбат көліктер тәркіленді.

Жаппай тәртіпсіздік

2022 жылдың басында газ бағасы көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтауда бейбіт митинг басталды. Алайда республиканың басқа қала мен облыстарында жаңаөзендіктерге қолдау көрсету мақсатында алаңға шыққандардың жиыны зорлық-зомбылыққа, атыс пен тонауға ұласты.
Жаңалықтар
0