https://sputnik.kz/20220421/daretkhana-ministr-24360851.html
Даладағы дәретханалар әлі толық жойылған жоқ – министр
Даладағы дәретханалар әлі толық жойылған жоқ – министр
Sputnik Қазақстан
Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мессенджерлерде мектеп дәретханаларына шағымдануға болатын арнайы желіні іске қосады 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T15:19+0500
2022-04-21T15:19+0500
2022-04-21T15:19+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/392/17/3921762_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d2c97b1fe0d0c0bd16c4695577da71d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов даладағы мектеп дәретханаларының әлі толық жойылмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің мәліметінше, екі жыл бұрын республика мектептерінде 2 700 даладағы дәретхана болған.Ал шалғай ауылдарда көп жағдайда орталық канализация мен су құбыры болмай жатады. Ассенизация қызметі, яғни қалдықтарды сорып әкететін арнайы техиника жоқ. Болған күннің өзінде оны төгетін полигон болуы шарт."Сондықтан бүгінде жергілікті атқарушы органдар біраз жұмыс атқарды. Далада 50 дәретхана қалды. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дейін осы мәселені толығымен шешеміз деп отыр. Аз қалды", - деп атап өтті Аймағамбетов.Дегенмен бүгінде дәретханасы іште орналасқан кейбір мектептер санитарлық талаптарды сақтамайды. Соның ішінде қала мектептері де бар. Кей кезде дәретханалар істемей тұрады. Оны тексеріс кезінде анықтаған. Санитарлық қызмет ондай фактілер үшін айыппұл салады."Осыған байланысты балалар құқықтарын қорғау комитетіміз үкіметтік емес ұйымдармен бірге арнайы желіні іске қосып жатыр. WhatsApp мессенджері мен Telegram-арнасы болады. Балалар да, мұғалімдер де фото жібере алады. Ал санитарлық қызмет бәрін бақылайды", - дейді Аймағамбетов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/392/17/3921762_110:0:1817:1280_1920x0_80_0_0_f777ed08a22b77eb65f26aec7690277c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
Даладағы дәретханалар әлі толық жойылған жоқ – министр
Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мессенджерлерде мектеп дәретханаларына шағымдануға болатын арнайы желіні іске қосады
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов даладағы мектеп дәретханаларының әлі толық жойылмағанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің мәліметінше, екі жыл бұрын республика мектептерінде 2 700 даладағы дәретхана болған.
"Екі жылдың ішінде біраз жұмыс атқарылды. Бүгінде шамамен 50 дәретхана қалды. Бұл – үлкен прогресс. Даладағы дәретханаларды жою оңай шаруа емес. Себебі жаңағы мектептерде кәріз болмаған. Су да тартылмаған. Ондай мектептер көбінесе шалғай жатқан ауылдарда орналасқан", - деді Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында.
Ал шалғай ауылдарда көп жағдайда орталық канализация мен су құбыры болмай жатады. Ассенизация қызметі, яғни қалдықтарды сорып әкететін арнайы техиника жоқ. Болған күннің өзінде оны төгетін полигон болуы шарт.
"Сондықтан бүгінде жергілікті атқарушы органдар біраз жұмыс атқарды. Далада 50 дәретхана қалды. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дейін осы мәселені толығымен шешеміз деп отыр. Аз қалды", - деп атап өтті Аймағамбетов.
Дегенмен бүгінде дәретханасы іште орналасқан кейбір мектептер санитарлық талаптарды сақтамайды. Соның ішінде қала мектептері де бар. Кей кезде дәретханалар істемей тұрады. Оны тексеріс кезінде анықтаған. Санитарлық қызмет ондай фактілер үшін айыппұл салады.
"Осыған байланысты балалар құқықтарын қорғау комитетіміз үкіметтік емес ұйымдармен бірге арнайы желіні іске қосып жатыр. WhatsApp мессенджері мен Telegram-арнасы болады. Балалар да, мұғалімдер де фото жібере алады. Ал санитарлық қызмет бәрін бақылайды", - дейді Аймағамбетов.