https://sputnik.kz/20220421/atyrau-uleskerler-industriya-ministrligi-24368838.html
Атырауда алданған үлескерлер индустрия министрлігінен көмек сұрады
Атырауда алданған үлескерлер индустрия министрлігінен көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан "Жібек жолы" және "Ақмаржан" тұрғын үй-құрылыс... 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T20:12+0500
2022-04-21T20:12+0500
2022-04-21T20:12+0500
тұрғын үй
үлескерлер
https://sputnik.kz/img/old/127/87/1278786_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_9f9b7278a27f5de3fe6a0efdebd89588.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан "Жібек жолы" және "Ақмаржан" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің алданған пайшылары тұрғын үй мәселесін шешіп беруді өтінді.Кездесу қорытындысы бойынша индустрия және министрлігі азаматтарға қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары мен тетіктерін ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Атырауға іссапармен барған министрдің қабылдауына көпбалалы аналар да жазылды. Олар сатып алу құқығынсыз жалдау шартымен алған пәтерлерін жекеменшікке өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.Министр ведомство "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлегенін айтты.Құжатта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қарастырылған. Қазіргі уақытта аталған құжат парламент мәжілісінің қарауында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/127/87/1278786_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_02b9d5f12d7489f7da82fbc9e7019d12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, үлескерлер
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан "Жібек жолы" және "Ақмаржан" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің алданған пайшылары тұрғын үй мәселесін шешіп беруді өтінді.
Кездесу қорытындысы бойынша индустрия және министрлігі азаматтарға қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары мен тетіктерін ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін ескере отырып, инвесторларды қосымша тартып, проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау үшін уәкілетті ұйым құру ұсынылды", - делінген хабарламада.
Атырауға іссапармен барған министрдің қабылдауына көпбалалы аналар да жазылды. Олар сатып алу құқығынсыз жалдау шартымен алған пәтерлерін жекеменшікке өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Министр ведомство "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлегенін айтты.
Құжатта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қарастырылған. Қазіргі уақытта аталған құжат парламент мәжілісінің қарауында.