Оқиға

Ақмола облысында бәзбіреулер әкімшілік ғимаратты өртеп жіберді

© Photo : pixabay.comиллюстрациялық фото
иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Шығын соммасы 6 миллион теңге деп есептелді, тергеу басталды
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Ақмола облысында өрт қою фактісі бойынша тергеу басталды.
Түнде белгісіз тұлғалар Аршалы ауданындағы әкімшілік ғимаратты өртеп жіберді. Шығын сомасы 6 миллион теңгені құрады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өртті Аршалы ауданының төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері оқшаулады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратында өрт болғанын анықтады. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр.
Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға болған жерді тексеру барысында ерекше иісі бар 3 литрлік шыны ыдыс, пластиктен жасалған зат тәркіленді.
Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0