Қоғам

Президент AMANAT партиясының кезектен тыс съезін шақырды

© Sputnik / Владислав Воднев"Аманат" партиясы
Аманат партиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылу мәселесі қаралады
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. 26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін AMANAT партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады", - деп хабарлады Оралов.
Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылу мәселесі қаралады.
Жаңалықтар
0