Алматы полициясы қыз ұрлау оқиғасына қатысты пікір білдірді – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Полиция бұл пранк немесе арнайы түсірілім болуы мүмкін екенін айтты
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Алматыда түскі уақытта белгісіз біреулер қызды ұрлап кеткен. Желіде тараған видеоға қала полициясы пікір білдірді.
Видеода қыз ақ түсті көліктен түседі, бірақ артынан екі ер адам келіп, күштеп көлікке қайта отырғызады. Артынша сол жерден жылдам кетеді. Ал қыз "көмектесіңдер" деп айғайлаған.
Желідегі видеоға қарағанда оқиға "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында болған.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Оның сөзінше, бұл жағдайға байланысты полицияға хабарлама немесе арыз түспеген. Қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Ол мән-жай толық анықталатынын жеткізді.
"Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе арнайы түсірілім болуы мүмкін. Мұны бір нұсқа ретінде қарастыруға болады. Қалай болғанда да, барлығы толық тексеріледі", - деді ол.
Жаңалықтар
0