https://sputnik.kz/20220420/ulttyq-qor-transfert-24324466.html
Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 4 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады
Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 4 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор таусылып қалмайды деп сендірген еді 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T10:31+0500
2022-04-20T10:31+0500
2022-04-20T10:31+0500
экономика
ұлттық қор
мәжіліс
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_76cd5c7a838bc868c646b75e97de5f64.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісі Ұлттық қордан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге дейін ұлғайту қарастырылып отыр.Ол Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталатынын атап өтті. Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор таусылып қалмайды деп сендірген еді. Оның айтуынша, Ұлттық қордан қаражат алу қалыпты процесс. Бұл контрциклды бюджеттік саясаттың бір бөлігі. Ұлттық қорда қазір шамамен 56 миллиард доллар бар.
https://sputnik.kz/20220405/ulttyq-qor-ministr-23989724.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_801f2bb0c11c5a46556c3dca863651be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор теңге трансферт тенге нацфонд
ұлттық қор теңге трансферт тенге нацфонд
Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 4 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор таусылып қалмайды деп сендірген еді
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісі Ұлттық қордан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге дейін ұлғайту қарастырылып отыр.
"Қаражат президент тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыру аясында республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталады", - деді ол мәжіліс отырысында.
Ол Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталатынын атап өтті. Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор таусылып қалмайды деп сендірген еді.
Оның айтуынша, Ұлттық қордан қаражат алу қалыпты процесс. Бұл контрциклды бюджеттік саясаттың бір бөлігі. Ұлттық қорда қазір шамамен 56 миллиард доллар бар.