Өңірлер

СҚО-да сотталушының асқазанынан марихуана табылды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Куст марихуаны
Куст марихуаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды
НҰР-СҰЛТАН, 20 cәуір – Sputnik. СҚО колониясында сотталушының асқазанынан марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін келген адамдарды қабылдау жүргізілген. Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында сотталғандарды тінту мен жеке заттарын тексеру жүргізілген.

"Сотталушы Н.-ның асқазанында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. Сараптамаға сәйкес, салмағы 2,57 грамм марихуана болып шықты", - делінген полиция ақпаратында.

Есірткі заты Петропавл қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың заңсыз пайдалануына арналған.
Дене қуысын тексеру үшін қылмыстық-атқару мекемелерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аяғын иықтың бойымен қойып, 10 ретке дейін отырып-тұру керек. Осындай тінту барысында 24 жастағы сотталушыдан есірткі табылды.
Мекеме қызметкерлері жедел-тергеу тобы шақырылды. Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі ("есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Осы бап санкциясына сәйкес, 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (1 АЕК - 3 180 теңге) айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген.
Дело в суде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Оқиға
"Шлакоблокпен өлтірген": Сотталушы 6 жігіттің жақындары үкімді естігенде жылап жіберді
Жаңалықтар
0