Қоғам

Қазақстан мен Ресей арасында халықаралық автобус бағыттары қайта жанданады

© Sputnik / Елена БережнаяЖаңа автобустар
Жаңа автобустар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
"Омскоблавтотранс" акционерлік қоғамы Қазақстанға халықаралық бағыттар бойынша қызмет көрсетуді жаңғыртады
АЛМАТЫ, 20 сәуір — Sputnik. Ресейлік "Омскоблавтотранс" тасымалдаушысы 22 сәуірден бастап бірқатар халықаралық бағыттар бойынша рейстерге қызмет көрсетуді қайта бастайды. Қазақстанның Ресеймен құрлықтағы өткізу пунктерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша шектеулерді алып тасталған болатын.
Халықаралық автобус қатынасы Омбы-Павлодар, Омбы-Көкшетау және Омбы-Петропавл бағыттары бойынша жаңғыртылады.
* Омбы–Павлодар бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 15 сағат 00 минутта қатынайды. Омбы қаласынан Павлодар қаласына дейін жол жүру құны 1400 рубль (шамамен 8 000 теңге).
* Омбы-Көкшетау бағыты Омбы автовокзалынан 23 сәуірден бастап күнара жөнелтілетін болады. Жол жүру уақыты - 12 сағат. Омбы қаласынан Көкшетау қаласына дейін 953 рубльге жетуге болады (шамамен 5 420 теңге).
* Омбы-Петропавл бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 08 сағат 05 минутта жөнелтіледі. Омбы қаласынан Петропавл қаласына дейін жол жүру құны 550 рубль (шамамен 3 120 теңге).
Кеше, 19 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омбы облысының губернаторы Александр Бурков Омбыдан Қазақстан қалаларына тікелей әуе рейстеріне қатысты мәселені талқылады.
Бурков Омбы — Нұр-Сұлтан тікелей рейстері сұранысқа ие екенін айтты. Қазіргі уақытта Алматы, Павлодар, Петропавл, Шымкент және Ақтауға тікелей рейстер туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0