https://sputnik.kz/20220420/parlament-dau-tugyzgan-zandy-qabyldady-24322517.html
Парламент қоғамда дау туғызған заңды қабылдады
Парламент қоғамда дау туғызған заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T09:36+0500
2022-04-20T09:36+0500
2022-04-20T09:36+0500
қоғам
парламент
заң
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Мәжіліс баланың құқығын қорғау туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Аталған заң жобасы қоғамда дау туғызған болатын. Қазақстандықтар билік балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілердің жұмысын шектейді деп алаңдады. Осыған байланысты парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды қарайтын сарапшылар комиссиясы құрылады және әлеуметтік желілерден тек кибербуллингке қатысты ғана материалдар өшіріледі."Сенат енгізген түзетулер мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты орналастыруға жол берген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуді көздейді", - деді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова.Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды. Заң жобасынан БАҚ саласындағы уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынын тасталды. Осылайша төменгі палата сенат енгізген өзгерістермен келісті. Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осы заңды әзірлеген әріптестеріне – Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғыс айтты. Бұған дейін елордада әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы митинг өткен болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, заң
Парламент қоғамда дау туғызған заңды қабылдады
Парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Мәжіліс баланың құқығын қорғау туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аталған заң жобасы қоғамда дау туғызған болатын. Қазақстандықтар билік балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілердің жұмысын шектейді деп алаңдады. Осыған байланысты парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды қарайтын сарапшылар комиссиясы құрылады және әлеуметтік желілерден тек кибербуллингке қатысты ғана материалдар өшіріледі.
"Сенат енгізген түзетулер мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты орналастыруға жол берген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуді көздейді", - деді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова.
Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды.
Заң жобасынан БАҚ саласындағы уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынын тасталды.
"Бұл түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді", - деді депутат.
Осылайша төменгі палата сенат енгізген өзгерістермен келісті. Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осы заңды әзірлеген әріптестеріне – Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғыс айтты. Бұған дейін елордада әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы митинг өткен болатын.