https://sputnik.kz/20220420/gulmira-satybaldy-is-qozgaldy-24342104.html
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс қозғалды
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Тергеулер жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T17:34+0500
2022-04-20T17:34+0500
2023-08-09T12:45+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гүлмира Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Соның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "2019 жылы Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Тергеулер жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды.Айта кетері, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталған. Ал 15 наурызда Тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс қозғалды
17:34 20.04.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Тергеулер жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гүлмира Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Соның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "2019 жылы Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.
Тергеулер жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды.
Айта кетері, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.
Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге)
бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталған.
Ал 15 наурызда Тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды.
Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде
жымқырғаны үшін айыпталып отыр.
Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.