https://sputnik.kz/20220420/askeri-ushaq-rekordtar-kitaby-24323201.html
Алматылық спортшы әскери ұшақты орнынан қозғап, рекордтар кітабына енді – видео
Алматылық спортшы әскери ұшақты орнынан қозғап, рекордтар кітабына енді – видео
Sputnik Қазақстан
Алмат Жұманов осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T09:43+0500
2022-04-20T09:43+0500
2022-04-20T09:43+0500
ұшақ
рекордтық көрсеткіш
https://sputnik.kz/img/514/06/5140653_0:107:2016:1241_1920x0_80_0_0_683daeca7ed148caca9d9b52559df981.jpg
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Қазақстандық Алмат Жұманов салмағы 24 жарым тонна әскери ұшақты орнынан қозғап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Almaty.tv.Ол әскери ұшақты орнынан қозғап, 1 метрге дейін жылжытты. Алматылық спортшының бұл көрсеткіші Қазақстан рекордтар кітабына еніп, елімізде ұшақ сүйреген алғашқы адам болды.Алмат Жұманов ұшақты 6 метрге дейін жылжытамын деп жоспарлаған. Алайда бұған дейін алған жарақаты сыр берген.Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл нәтижені ресми түрде тіркеп, есепке алды.Қазақстандық осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр. Бұған дейін ол салмағы 108 тонна вагон тартқан. Артынша 4 тонна болатын 3 көлікті беліне тіркеп, 280 келілік түйені 13 метрге дейін сүйреді."Наурыз мейрамында осы ұшақты 6 метрге сүйреген екен. Соны қайталаймын деп бізді шақырып еді. Бірақ 6 метрге жетпеді. Қазақстанда алғашқы көрсеткіш болып тіркелді", - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.Алмат Жұмановтың келесі мақсаты – салмағы 300 тонна вагон сүйреп, әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына ену.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/514/06/5140653_110:0:1907:1348_1920x0_80_0_0_3ce1bf3fff9689fbc76d2900137458af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, рекордтық көрсеткіш
ұшақ, рекордтық көрсеткіш
Алматылық спортшы әскери ұшақты орнынан қозғап, рекордтар кітабына енді – видео
Алмат Жұманов осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Қазақстандық Алмат Жұманов салмағы 24 жарым тонна әскери ұшақты орнынан қозғап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлады
Almaty.tv. Ол әскери ұшақты орнынан қозғап, 1 метрге дейін жылжытты. Алматылық спортшының бұл көрсеткіші Қазақстан рекордтар кітабына еніп, елімізде ұшақ сүйреген алғашқы адам болды.
Алмат Жұманов ұшақты 6 метрге дейін жылжытамын деп жоспарлаған. Алайда бұған дейін алған жарақаты сыр берген.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл нәтижені ресми түрде тіркеп, есепке алды.
"Мақсатым – қазақ халқында осындай мықты жігіттер бар екенін шетелдіктерге көрсетіп, еліміздің атын шығару. Олар бізді көріп, еліктесін. Интернетке кірсең шетелдіктерді көресің. Сол жағынан дамытқым, көрсеткім келеді", - деді Алмат Жұманов.
Қазақстандық осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр. Бұған дейін ол салмағы 108 тонна вагон тартқан. Артынша 4 тонна болатын 3 көлікті беліне тіркеп, 280 келілік түйені 13 метрге дейін сүйреді.
"Наурыз мейрамында осы ұшақты 6 метрге сүйреген екен. Соны қайталаймын деп бізді шақырып еді. Бірақ 6 метрге жетпеді. Қазақстанда алғашқы көрсеткіш болып тіркелді", - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.
Алмат Жұмановтың келесі мақсаты – салмағы 300 тонна вагон сүйреп, әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына ену.