https://sputnik.kz/20220420/arkheolog-galym-prezident-24328307.html
Көрнекті археолог ғалым дүниеден озды – президент көңіл айтты
Көрнекті археолог ғалым дүниеден озды – президент көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Виктор Зайберт 75 жасында дүниеден өтті. Ол кейінгі жылдары "Археология және дала өркениеті" ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T12:17+0500
2022-04-20T12:17+0500
2022-04-20T12:17+0500
археология
ғалым
https://sputnik.kz/img/1218/31/12183169_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_d4e42df2bde898be2092a399102f46d6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-жомарт Тоқаев көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп харлады Ақорда."Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті", – делінген жеделхатта.Виктор Зайберттің өмірбаяныВиктор Федорович 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Петропавл педагогикалық институтының тарих факультетін "Тарих мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде бастаған. Әр жылдар ішінде ол археологиялық коллекцияларды қалпына келтіруші, ғылыми қызметкер, музейдің археология бөлімінің меңгерушісі болды.Ғалымның қажырлы да тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде ежелгі Ботай қонысынан табылған екі жүз мыңнан астам жәдігер бар.Зайберт сенсациялық жаңалық ашты: ғаламшардағы алғашқы жылқы Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Бұл зерттеу жылқыны қолға үйретудің бұрынғы теориясын түбегейлі өзгертті.Виктор Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақалалардың авторы. Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі "Достық" (2017), "Парасат" (2021) ордендерімен марапатталған.Ғылыми-педагогикалық және басқару жұмыстарын жүргізді, әртүрлі институттар мен ғылыми орталықтарда басшылық қызметтер атқарды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларын басқарды.Кейінгі жылдары академик әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Археология және дала өркениеті" ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді.Виктор Зайберт – өзін толығымен ғылымға арнаған, өзін "Қазақ халқының неміс ұлы" деп атаған ғалым.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1218/31/12183169_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7ec2861217520bec5ebfb2ca4dac1cc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
археология, ғалым
Көрнекті археолог ғалым дүниеден озды – президент көңіл айтты
Виктор Зайберт 75 жасында дүниеден өтті. Ол кейінгі жылдары "Археология және дала өркениеті" ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-жомарт Тоқаев көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп харлады Ақорда.
"Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.
В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті", – делінген жеделхатта.
Виктор Зайберттің өмірбаяны
Виктор Федорович 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Петропавл педагогикалық институтының тарих факультетін "Тарих мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде бастаған. Әр жылдар ішінде ол археологиялық коллекцияларды қалпына келтіруші, ғылыми қызметкер, музейдің археология бөлімінің меңгерушісі болды.
Ғалымның қажырлы да тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде ежелгі Ботай қонысынан табылған екі жүз мыңнан астам жәдігер бар.
Зайберт сенсациялық жаңалық ашты: ғаламшардағы алғашқы жылқы Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Бұл зерттеу жылқыны қолға үйретудің бұрынғы теориясын түбегейлі өзгертті.
Виктор Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақалалардың авторы. Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі "Достық" (2017), "Парасат" (2021) ордендерімен марапатталған.
Ғылыми-педагогикалық және басқару жұмыстарын жүргізді, әртүрлі институттар мен ғылыми орталықтарда басшылық қызметтер атқарды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларын басқарды.
Кейінгі жылдары академик әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Археология және дала өркениеті" ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді.
Виктор Зайберт – өзін толығымен ғылымға арнаған, өзін "Қазақ халқының неміс ұлы" деп атаған ғалым.