Ақтөбелік бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуӘйел есікті ашып жатыр
Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде алаяқ бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған, деп хабарлады Polisia.kz.
30 жастағы ер адам үш тәулікке пәтер жалдап, кейін суреттерімен ұзақ уақытқа жалға беріледі деп хабарлама берген.
Баспана іздеген адамдар хабарласқан уақытта ер адам саудаласпай, пәтер ақысын алдын ала алып, басқаларға бірден пәтерді жалға беріп отырған.
35 жастағы жергілікті тұрғын сайттағы хабарламаны көріп, пәтерді 60 мың теңгеге жалдап тұруға келіседі. Бірақ пәтер иесінің басқа адам екенін білмеген.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында алаяқты анықтап, ұстады. Ер адам осыған дейін үш адамды алдағаны анықталды.
Аталған дерек негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда алаяқ әйел біреудің пәтерін бірнеше адамға жалға берген
Жаңалықтар
0