Өңірлер

Ақмола облысында мемлекеттік орган ғимаратын әдейі өртеп жіберген

© Photo : pixabay.comАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Өртенген ғимараттан үш литрлік шыны құты мен пластик зат табылды
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында әкімшілік ғимаратты қасақана өртеу фактісі бойынша тергеу басталды.
19 сәуірде Аршалы ауданының полиция бөліміне жергілікті атқарушы органның қызметкері арызданған. Ол 18 сәуір түнде әкімшілік ғимаратты әдейі өртеген белгісіз біреулерге қатысты шара қабылдауды сұраған. Шығын сомасы 6 млн теңгені құрады.
"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратынан өрт шыққанын анықтады. Өрт түнгі сағат 03.30 шамасында болған. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өртенген ғимараттан өзіндік иісі бар 3 литрлік шыны құты мен пластиктен жасалған зат табылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-тармағы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып жатыр.
Павлодардағы мектептегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Павлодарда мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар
0