Оқиға

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

© Photo : РСК АлматыАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Полиция ақпараттың расталмағанын, жарылғыш зат табылмағанын мәлімдеді
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Алматыда халықаралық әуежайға жарылған зат қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін қаладағы Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.
Полиция ақпараттың расталмағанын, жарылғыш зат табылмағанын мәлімдеді.
Қазір ойын-сауық орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Содан кейін қаланың шұғыл қызмет күші Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны тексеруге жұмылдырылды.
Алматы халықаралық әуежайы ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскенін растады.
"Авариялық жоспарға сәйкес эвакуация жүргізілді. Қазір жарылғыш заттың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Әуежайдан жарылғыш зат табылмады. Қазір халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Жаңалықтар
0