Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Бір жыл ішінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 278 адамға азайды
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір елімізде қанша Ұлы Отан соғысының ардагері тұратынын хабарлады.

"2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 қатысушысы мен мүгедегі тұрады", - делінген министрліктің Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берген жауабында.

Ал бір жыл бұрын дәл осы уақытта елімізде Ұлы Отан соғысының 665 ардагері мен соғыс кезінде мүгедек болған адам тұрған. Осылайша олардың саны бір жылда 278 адамға азайды.
Сондай-ақ 2022 жылдың бірінші сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда ҰОС жеңісіне үлес қосқан 72 468 азамат тұрады, оның ішінде:
қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 91 адам;
концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары – 205;
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі (күйеуі) – 2 918;
ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6;
тыл еңбеккерлері – 69 248.
ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар қандай төлемдер алады деген сұраққа еңбек министрлігі бұл мәселені әр өңір әкімдігі өз бетінше шешетінін айтты. Алайда министрліктің ұсынымдарына сәйкес, барлық өңірде кемінде бір рет материалдық көмек көрсету көзделген:
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 миллион теңге;
концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 100 мың теңге;
қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 60 мың теңге;
ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйеліне (күйеуіне) және тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Қоғам
Қорғаныс министрлігі Жеңіс күніне орай әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді
Жаңалықтар
0