ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық, тыңшылық әрекет жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комитеттің хабарлауынша, тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекет құпиясын заңсыз жинау және жария етті деген күдікпен адамдар тобы, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі ("мемлекетке опасыздық жасау"), 176-бабы ("тыңшылық") және 185-бабы 3-бөлігі ("мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету") бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық істердің "құпия" белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0