https://sputnik.kz/20220419/universitetterge-73-myn-grant-bolinedi-24308171.html
Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді
Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Талапкерлер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T15:17+0500
2022-04-19T15:17+0500
2023-08-09T09:49+0500
білім
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/310/76/3107626_0:87:1280:807_1920x0_80_0_0_a1b980fdc08bc601b967e19ff40f8177.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Биыл жоғары оқу орындарына берілетін білім грантының саны 73 мыңға дейін артады. Осылайша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің көп бөлігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады.Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. "Президент қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін арнайы квоталарды енгіздік", - деді Аймағамбетов.Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Бұл жерде "ақша студенттің соңынан ереді" деген қағида жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Айта кетері, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.Сондай-ақ студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.
https://sputnik.kz/20200525/Grant-ministr-14059411.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/310/76/3107626_112:0:1248:852_1920x0_80_0_0_71c6c6cb0c06e3998d018055896990d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
университет грант асхат аймағамбетов аймагамбетов
университет грант асхат аймағамбетов аймагамбетов
Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді
15:17 19.04.2022 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) Талапкерлер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Биыл жоғары оқу орындарына берілетін білім грантының саны 73 мыңға дейін артады. Осылайша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің көп бөлігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Президент қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін арнайы квоталарды енгіздік", - деді Аймағамбетов.
Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Бұл жерде "ақша студенттің соңынан ереді" деген қағида жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Айта кетері, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
Сондай-ақ студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.