https://sputnik.kz/20220419/tulekter-bakalavriat-24305289.html
Биыл күзден бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады
Биыл күзден бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады
Sputnik Қазақстан
Білім министрлігі бакалавриатта оқу мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T13:01+0500
2022-04-19T13:01+0500
2022-04-19T13:05+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_52e2cd875e2c4b2f385eb011a5177dd9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – төрт жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті білім министрлігі пилоттық режимде "қолданбалы бакалаврларды" дайындай бастайды. Бірақ төрт жылдық бакалавриат сол күйі қалады.Осы орайда министр "қолданбалы бакалавриат" еңбек нарығына не беретінін түсіндірді."Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол екі немесе бес жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады", - деді Аймағамбетов.
https://sputnik.kz/20220419/aymagambetov-biliktilik-testi-piar-24300074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_ed38a43e4bccd8744c4012b382b497b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
Биыл күзден бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады
13:01 19.04.2022 (жаңартылды: 13:05 19.04.2022) Білім министрлігі бакалавриатта оқу мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – төрт жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті білім министрлігі пилоттық режимде "қолданбалы бакалаврларды" дайындай бастайды. Бірақ төрт жылдық бакалавриат сол күйі қалады.
"Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз", - деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда министр "қолданбалы бакалавриат" еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.
"Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол екі немесе бес жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады", - деді Аймағамбетов.