Экономика

Теңге бағамы едәуір нығайды

© Sputnik / Тимур БатыршинТеңге және доллар
Теңге және доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Ұлттық валюта 5,45 теңгеге нығайған
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 443,85 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары теңге-доллар жұбымен жалпы сомасы 98,7 млн долларға 267 мәміле жасады. Осылайша бір күнде ұлттық валюта 5,45 теңгеге нығайды. 2022 жылғы 18 сәуірде доллардың орташа бағамы 449,3 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 445-449 теңгеге сатып алып, 450-451 теңгеден сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 5,6 теңге болды. Сауда қатысушылары теңге-рубль жұбымен 783,3 млн рубльге 35 келісім жасады. Бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда 1 миллиардқа аз.
монетА - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Экономика
Ұлттық банк инвестициялаудың баламалы құралдары туралы айтты
Жаңалықтар
0