https://sputnik.kz/20220419/qazaqstan-zhogary-oqu-orny-kolledzh-24302687.html
Қазақстанда 4 жоғары оқу орны мен 29 колледж жабылу алдында тұр
Қазақстанда 4 жоғары оқу орны мен 29 колледж жабылу алдында тұр
Sputnik Қазақстан
Мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайған 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T11:42+0500
2022-04-19T11:42+0500
2022-04-19T11:42+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/479/24/4792489_0:116:2016:1250_1920x0_80_0_0_85d3f4274c87fac411e807b06f85d037.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы төрт университет пен 29 колледж жабылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, студенттерге сапалы білім беру үшін бақылау екі бағытта жүргізіледі:"Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.Сонымен қатар 61 университеттің 500 бағыт бойынша лицензиясы және 375 колледждің 2 200 бағыт бойынша лицензиясы қайтарып алынған. Тағы 15 университет пен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару жұмыстары жүріп жатыр.Мәселен, Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер 72-ден 61-ге дейін қысқарған.Министр болашақта тек сапалы білім беретін университеттер мен колледжер қалатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20220419/aymagambetov-biliktilik-testi-piar-24300074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/24/4792489_98:0:1918:1365_1920x0_80_0_0_bbb1d17a06fdf62a141166718ba70f01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
Қазақстанда 4 жоғары оқу орны мен 29 колледж жабылу алдында тұр
Мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайған
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы төрт университет пен 29 колледж жабылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, студенттерге сапалы білім беру үшін бақылау екі бағытта жүргізіледі:
сапасыз жоғары оқу орындарын немесе колледждерді жабу және оларды лицензиядан айыру;
жоғары оқу орнын немесе колледжді бейіндеу, бейініне сәйкес келмейтін және сұранысқа ие емес лицензияларды қайтару.
"Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сонымен қатар 61 университеттің 500 бағыт бойынша лицензиясы және 375 колледждің 2 200 бағыт бойынша лицензиясы қайтарып алынған. Тағы 15 университет пен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Мәселен, Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер 72-ден 61-ге дейін қысқарған.
Министр болашақта тек сапалы білім беретін университеттер мен колледжер қалатынын атап өтті.