Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ПАВЛОДАР, 19 сәуір – Sputnik. Павлодарда ЖШС басшысынан миллиондаған теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Полицияның жедел қызметкерлері өңірдегі ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерін ұстады. Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемде бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы лидері 40 жастағы павлодарлықпен алдын ала келісе отырып, психологиялық қысым көрсету және күш қолданамын деп қорқыту арқылы ЖШС-лардың бірінің директоры мен оның орынбасарынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 миллион теңгеден астам қаражат аударуды талап еткен.
Айта кетері, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында алты бопсалау фактісі тіркеліп, олардың барлығы ашылды.
Жаңалықтар
0