Нұр-Сұлтанда жүк көлігінен аккумулятор ұрламақ болған ер адам ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневЖүк көлігі, архивтегі фото
Жүк көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жүк көлігінен аккумулятор батареясын ұрламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығының операторы түнгі уақытта белгісіз біреудің "КамАЗ" жүк автокөлігінің аккумуляторын ұрлап жатқанын байқап қалған. Ер адам өз көлігімен аккумуляторды троспен жұлып алмақшы болған. Бірақ сол жерге дереу патрульдік полиция жасағы жіберілді.
"Күдікті 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сол күні ол арнайы техникадан аккумулятор батареяларын ұрлап кеткені анықталды. Ер адам Чехов көшесімен келе жатып, BMG жүк тиегішінен аккумулятор және кабинадан кілттер жинағын ұрлап кеткен", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне дабыл жүйесін орнатуды, сондай-ақ автокөліктерді күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қоюға кеңес берді.
Жаңалықтар
0