https://sputnik.kz/20220419/nur-sultan-almaty-birneshe-nysan-bomba-er-adam-24310394.html
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірнеше нысанға "бомба қойған" ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірнеше нысанға "бомба қойған" ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдікті кінәсін мойындады, қазір қамауда отыр 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T15:48+0500
2022-04-19T15:48+0500
2023-08-09T12:22+0500
қоғам
алматы
бомба
астана
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 11 ірі нысанға "бомба қойылды" деп жалған хабар таратқан ер адам ұсталды. Ол қостанайлық ІТ-маман болып шықты, деп хабарлайды Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы.Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар мекеменің электронды поштасына бомба туралы ақпарат түскен.Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстау үшін жедел тергеу тобын құрды. Нәтижесінде полиция Қостанай облысы Жітіқара қаласының 1986 жылғы тұрғынын ұстады. Ер адам қаладағы ұйымдардың бірінде ІТ-маманы болып істейді."Ер адам ІТ-саласындағы білімі мен түрлі техникалық құралды пайдаланып, елорда мен Алматының 11 ірі нысанына хат жіберген", - делінген орталық хабарламасында.Күдікті бұзақылық пиғылмен қылмыс жасағанын мойындады, қазір ол қамауда отыр.Енді ол Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін (15 млн теңгеден астам) айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20220331/almaty-bomba-khabarlama-23869072.html
алматы
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, бомба, астана
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірнеше нысанға "бомба қойған" ер адам ұсталды
15:48 19.04.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Күдікті кінәсін мойындады, қазір қамауда отыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 11 ірі нысанға "бомба қойылды" деп жалған хабар таратқан ер адам ұсталды. Ол қостанайлық ІТ-маман болып шықты, деп хабарлайды Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар мекеменің электронды поштасына бомба туралы ақпарат түскен.
Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстау үшін жедел тергеу тобын құрды. Нәтижесінде полиция Қостанай облысы Жітіқара қаласының 1986 жылғы тұрғынын ұстады. Ер адам қаладағы ұйымдардың бірінде ІТ-маманы болып істейді.
"Ер адам ІТ-саласындағы білімі мен түрлі техникалық құралды пайдаланып, елорда мен Алматының 11 ірі нысанына хат жіберген", - делінген орталық хабарламасында.
Күдікті бұзақылық пиғылмен қылмыс жасағанын мойындады, қазір ол қамауда отыр.
Енді ол Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін (15 млн теңгеден астам) айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.