https://sputnik.kz/20220419/norvegiya-qazaqstandyq-zhauynger-24313505.html
Норвегияда жерленген 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды
Норвегияда жерленген 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталды 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T18:00+0500
2022-04-19T18:00+0500
2022-04-19T18:00+0500
қазақстандық жауынгер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24313261_0:191:603:530_1920x0_80_0_0_e5b9294df4ec9091f75ad74bb9fc9c5d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ослодағы елшілігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады.Сарбаздар Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары немесе сол өңірлерден әскерге шақырылған.Жауынгерлердің бейіттері Саннешоен (Tjøtta sovjetiske krigskirkegård), Лиллехаммер (Jørstadmoen), Берген (Åsane kirkegård) және Тронхейм (Støren kirkegård) қалаларының жанындағы кеңестік әскери зираттарда орналасқан.Елшіліктің хабарлауынша, тізімде сарбаздың туған жылы мен мекені, әскерге шақыру, қызмет ету, тұтқындалуы, қайтыс болуы даталары және жерленген жері, туыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ қолда бар құжаттарға сілтемелер берілген. "Қаза тапқан сарбаздардың көбісі бір немесе екі ғана мәліметтер базасында көрсетілгені іздеуді қиындатады. Көптеген жағдайда солдат есімі мен географиялық атаулардың бұрмаланып жазылуы проблемасы да бар", - дейді елшіліктегілер.Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталды.Елшілік жарияланған ақпарат сарбаздардың ұрпақтарын, туыстары мен жақындарын табуға көмектеседі, зерттеулерді одан әрі жүргізуге және солдаттарды мәңгі есте қалдыруға үлес қосады деп үміттенеді.1941-1945 жылдары Норвегияда жерленген кеңестік қазақстандық жауынгерлерінің тізімін (2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша) мына жерден көруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24313261_0:135:603:587_1920x0_80_0_0_95dea4077091f2317a3fa114c1b3922c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандық жауынгер
Норвегияда жерленген 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды
Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ослодағы елшілігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады.
"Соңғы айларда 18 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталды. Бүгінгі таңда есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны 74 адам", - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігінің елшілігі.
Сарбаздар Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары немесе сол өңірлерден әскерге шақырылған.
Жауынгерлердің бейіттері Саннешоен (Tjøtta sovjetiske krigskirkegård), Лиллехаммер (Jørstadmoen), Берген (Åsane kirkegård) және Тронхейм (Støren kirkegård) қалаларының жанындағы кеңестік әскери зираттарда орналасқан.
Елшіліктің хабарлауынша, тізімде сарбаздың туған жылы мен мекені, әскерге шақыру, қызмет ету, тұтқындалуы, қайтыс болуы даталары және жерленген жері, туыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ қолда бар құжаттарға сілтемелер берілген.
"Қаза тапқан сарбаздардың көбісі бір немесе екі ғана мәліметтер базасында көрсетілгені іздеуді қиындатады. Көптеген жағдайда солдат есімі мен географиялық атаулардың бұрмаланып жазылуы проблемасы да бар", - дейді елшіліктегілер.
Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталды.
Елшілік жарияланған ақпарат сарбаздардың ұрпақтарын, туыстары мен жақындарын табуға көмектеседі, зерттеулерді одан әрі жүргізуге және солдаттарды мәңгі есте қалдыруға үлес қосады деп үміттенеді.
1941-1945 жылдары Норвегияда жерленген кеңестік қазақстандық жауынгерлерінің тізімін (2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша)
мына жерден көруге болады.