Беларусьтен Қазақстанға рейстер саны көбейеді

© Pixabay / Wil SerranoҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтеді, деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 29 сәуірден бастап Беларусьтің "Белавиа" авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстің санын арттыруды жоспарлап отыр.
"Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарланған. Осылайша екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындайды", - делінген ақпаратта.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0