https://sputnik.kz/20220419/aqtobe-qarzhy-piramidasy-24298595.html
Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды
Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде "GAP" деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T09:36+0500
2022-04-19T09:36+0500
2022-04-19T09:39+0500
қаржы пирамидасы
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде "GAP" деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржы пирамидасын қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі ("қаржы пирамидасын құру және басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Айта кетері, бұған дейін Шымкентте және Қостанайды "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды.Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.Қостанайда ұйымдастырушылар сайтта ипотекаға пәтер алу, көлік ұтысы, Қазақстанның туристік аймақтарына саяхаттау мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланған. Сондай-ақ косметикадан бастап құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерге дейін түрлі тауар сатып алуды ұсынған.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, ақтөбе облысы
қаржы пирамидасы, ақтөбе облысы
Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды
09:36 19.04.2022 (жаңартылды: 09:39 19.04.2022) АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде "GAP" деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржы пирамидасын қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.
"Ұйымдастырушылар өзін "GAP" тұтыну кооперативі ретінде таныстырып, тұрғындарға ақшасын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Ол үшін кезекке тұру мақсатында тұрғын үйдің немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнаны төлеу қажет деген", - делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі ("қаржы пирамидасын құру және басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, бұған дейін Шымкентте және Қостанайды "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды.
Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.
Қостанайда ұйымдастырушылар сайтта ипотекаға пәтер алу, көлік ұтысы, Қазақстанның туристік аймақтарына саяхаттау мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланған. Сондай-ақ косметикадан бастап құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерге дейін түрлі тауар сатып алуды ұсынған.