"AMANAT" партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

© Photo : "AMANAT" партиясы баспасөз қызметі"AMANAT" партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды
AMANAT партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Ол "Ашық партия" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ашылған
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. "AMANAT" Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды, деп хабарлады партияның баспасаөз қызметі.
Ол "Ашық партия" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ашылған.

"Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді", - делінген хабарламада.

"AMANAT" жанындағы баспасөз орталығы депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат таратуды көздейді.
Жаңалықтар
0