Алматы зообағынан шимпанзе қашып кетпек болды

© Sputnik / Тимур Батыршин шимпанзе
 шимпанзе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Қоршаудан шығып кеткен шимпанзе серуендеп жүрген әйел мен баланы қағып өтті
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында келеңсіз оқиға орын алды.
Приматтар бөліміндегі шимпанзе қысқы тордан жаззғыға ауыстырылған кезде қоршауды бұзып, сыртқа шығып кетті.
Қоршаудан шығып кеткен шимпанзе серуендеп жүрген әйел мен баланы қағып өтті.
Зообақ мәліметінше, бала жарақат алды.. Зообақтың дәрігері балаға медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметі де шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені қоршауға кіргізді.
"Хайуанаттар бағында жануарлардың қашуы жиі болады. Соңы қайғылы жағдайлармен аяқталатын кездер де болады. Осы жолы мамандардың жедел әрекеті арқасында қиындық туындаған жоқ", - дейді зообақ өкілдері.
Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын.
Жаңалықтар
0