Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы маңынан қару-жарақ салынған сөмке табылды – тергеу басталды

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтыАлматы маңынан қару-жарақ салынған сөмке табылды
Алматы маңынан қару-жарақ салынған сөмке табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Алматы қаласы Алатау ауданындағы кірпіш зауытының жанынан қара сөмке табылды. Ішінен қару-жарақтың түр-түрі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбековтың айтуынша, сол жерде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жоғалған оқ өтпейтін кеудеше мен темір қалқан табылған.
"Оқ-дәрілер мен қару-жарақ үлкен спорттық сөмкеге ұқыпты салынған. Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған. Сонымен қатар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен алынған оқ өтпейтін кеудеше мен темір қалқан табылды", - дейді Әбілбеков.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ қаруды жасырған адамды іздестіру шаралары қолға алынды.
Жаңалықтар
0