Өңірлер

Алматыға баратын негізгі жолдардың бірі бес айға жабылады

© Sputnik / Данияр ДауталиевЖол құрылысы
Жол құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Тәртіп сақшылары алдағы шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 2 мамырдан бастап "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" тасжолының 23 шақырымы жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаменіне сілтеме жасап.
Жазда Алматы үлкен айналма жолының құрылысы жалғасады. Жоба аясында көпірлер, жол айрықтары мен эстакадалар салынады. Осының арқасында Алматыдағы жол қозғалысы 60 процентке жеңілдейді деген болжам бар. Осыған байланысты Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" тасжолының бір бөлігі жабылады.
"Шамамен, жолдың 23 шақырымы жабылады. Сол кезде Алматыға кіру қиындай түседі. Себебі Көкдала мен Іңкәрбекова көшелері (Қырғауылды кенті), сондай-ақ, Сүйінбай мен Наурыз көшелерімен (Райымбек кенті) айналып жүруге тура келеді. Тасжолдың бір бөлігі мамырдан қыркүйекке дейін жабылады деген жоспар бар", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары алдағы шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетері, Алматының үлкен айналма жолы – Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Оған жетекші әлемдік компаниялар қатысады. 300 миллиард теңгенің жобасы аймақ экономикасына серпін береді деп жоспарланып отыр. Жолдағы қызмет көрсету көбейеді. Логистикалық терминалдар салынып, тауар тасымалы артады.
Жаңалықтар
0