https://sputnik.kz/20220419/almaty-oblysynda-memlekettik-nysandar-24301048.html
Алматы облысында мемлекеттік нысандарды басып алушыларға 100 долларға дейін төленген
Алматы облысында мемлекеттік нысандарды басып алушыларға 100 долларға дейін төленген
Sputnik Қазақстан
Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапқа тартуға қатысты тергеу белсенді жүргізіліп жатыр 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T11:16+0500
2022-04-19T11:16+0500
2022-05-23T14:52+0500
алматы облысы
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050714_0:74:3073:1802_1920x0_80_0_0_9fbdacc5ec3b57edc23bfefd1d162534.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматы облысында мүлікті қиратып, мемлекеттік нысандарды басып алуға қатысушыларды қаржыландырғандар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапқа тартуға қатысты тергеу белсенді жүргізіліп жатыр. Алматы облысында "О" және "Н" есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, мүлікті жою және мемлекеттік нысандарды басып алуға қатысқандарды қаржыландырған. Әрбір қатысушыға 20-дан 100-ге дейін АҚШ доллары төленген", - деді Қилымжанов.Оның айтуынша, бұл фактілер тергеу барысында анықталды. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен ұсталғандар мұны растаған.5-6 қаңтарда сол канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік нысандарына жасаған шабуылдары туралы ақпарат таратылған. Күдікті анықталды, ол қазіргі уақытта қамауда, деді Елдос Қилымжанов."Осы өңірде "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі "С" және оның жақтасы "К" есімді тұрғындар анықталды. Олар көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронежилеттерін таратқан. Олар құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін автокөлікті жолдарды жабу үшін қолданған", - деді ол. Сондай-ақ, Алматыда 4 күдікті ұсталды. Олар әлеуметтік желілер арқылы арматура кесінділерін дайындап, ойрандатушыларға дейін жеткізу туралы нұсқау алған.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050714_74:0:2805:2048_1920x0_80_0_0_7357ec17cf9491fe5548be96f99e9a7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Алматы облысында мемлекеттік нысандарды басып алушыларға 100 долларға дейін төленген
11:16 19.04.2022 (жаңартылды: 14:52 23.05.2022) Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапқа тартуға қатысты тергеу белсенді жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматы облысында мүлікті қиратып, мемлекеттік нысандарды басып алуға қатысушыларды қаржыландырғандар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапқа тартуға қатысты тергеу белсенді жүргізіліп жатыр. Алматы облысында "О" және "Н" есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, мүлікті жою және мемлекеттік нысандарды басып алуға қатысқандарды қаржыландырған. Әрбір қатысушыға 20-дан 100-ге дейін АҚШ доллары төленген", - деді Қилымжанов.
Оның айтуынша, бұл фактілер тергеу барысында анықталды. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен ұсталғандар мұны растаған.
"Жамбыл облысының тұрғыны 2022 жылдың 4 қаңтарында Алматыда болып, Telegram канал ашқан. Оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылған. Осы арна арқылы баррикадаларды құру, "Молотов" коктейльдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық беріп отырған", - деді ол.
5-6 қаңтарда сол канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік нысандарына жасаған шабуылдары туралы ақпарат таратылған. Күдікті анықталды, ол қазіргі уақытта қамауда, деді Елдос Қилымжанов.
"Осы өңірде "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі "С" және оның жақтасы "К" есімді тұрғындар анықталды. Олар көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронежилеттерін таратқан. Олар құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін автокөлікті жолдарды жабу үшін қолданған", - деді ол.
Сондай-ақ, Алматыда 4 күдікті ұсталды. Олар әлеуметтік желілер арқылы арматура кесінділерін дайындап, ойрандатушыларға дейін жеткізу туралы нұсқау алған.