https://sputnik.kz/20220418/zhambyl-oblysy-esirtki-24291990.html
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T21:09+0500
2022-04-18T21:09+0500
2023-08-10T12:19+0500
жамбыл облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_9eae581c8fe9b647b65d31f69a91eb12.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арна жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтап, жолын кесті.15 сәуірде полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытайтас жолының 532 шақырымында Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының маңында Түркістан облысының 36 жастағы көлік жүргізушісін тоқтатты. Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды. Тексеру барысында оның көлігінің жүк салғышынан жалпы салмағы 200 келі кептірілген марихуана есірткі заты салынған 8 қап табылды. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні өткен жылдың тамыз айында Шу ауданының аумағында дайындаған. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_8d35ea16b771e27de3d40a8479f07546.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, есірткі
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
21:09 18.04.2022 (жаңартылды: 12:19 10.08.2023) Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арна жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтап, жолын кесті.
15 сәуірде полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытайтас жолының 532 шақырымында Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының маңында Түркістан облысының 36 жастағы көлік жүргізушісін тоқтатты.
Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды. Тексеру барысында оның көлігінің жүк салғышынан жалпы салмағы 200 келі кептірілген марихуана есірткі заты салынған 8 қап табылды.
Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні өткен жылдың тамыз айында Шу ауданының аумағында дайындаған. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Осы бапқа сәйкес оның мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.