https://sputnik.kz/20220418/universitet-deputat-zher-24278067.html
"Университеттердің мүлкі тексерілсін": Депутат ҚазҰУ жерін қайтаруды талап етті
"Университеттердің мүлкі тексерілсін": Депутат ҚазҰУ жерін қайтаруды талап етті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. "Ақ жол" фракциясы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жерін және басқа да жоғары оқу орындарының мүлкін... 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T11:52+0500
2022-04-18T11:52+0500
2022-04-18T13:19+0500
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
https://sputnik.kz/img/246/75/2467512_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_538df7610c605bc9b2212d28d559982f.jpg
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. "Ақ жол" фракциясы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жерін және басқа да жоғары оқу орындарының мүлкін талан-таражға салудың заңдылығына тексеріс жүргізуді талап етті."Ақ жол" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Бас прокуратураға тиісті депутаттық сауал жолдаған.Белгісіз себептермен университеттің жер учаскесі 1 гектарға азайған, бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырды.Былтыр 22 ақпанда жолданған фракцияның сұрауына сәйкес, білім және ғылым министрлігі ҚазҰУ аумағының 0,779 гектары белгісіз қолға берілгенін растады және университет жерін осылай бөлудің заңдылығына тексеру жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ депутаттың талабы бойынша өңірлердегі сегіз жоғары оқу орнына тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылуы қажет.Алайда бір жылдан астам уақыт өтті, министрлік бұл туралы ешқандай ақпарат бермей отыр.Бас прокуратураның жауабында ҚазҰУ-дың жер учаскесінің көлемі 1,8 гектарға азайғаны, бірақ оның заңдылығын тек жоғары оқу орны өтініш жазған кезде ғана тексерілетіні көрсетілген.Партия университеттің қазірге дейін үнсіз отырғанына қарап, былтыр ҚазҰУ басшылығы тексеріс бойынша өтініш жасамаған деген пікір айтты.Осыған байланысты "Ақ жол" депутаттық фракциясы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесін иеліктен шығару фактісіне қатысты қайта тексеру жүргізуді және басқа өңірлердегі оқу орындарының жерін, ғимараттары мен мүлкіне тексеріс жүргізуді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды университеттерге қайтаруды қамтамасыз етуді және заң бұзушылыққа кінәлі адамдарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының басшылығын, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылығын да жауапқа тартуды талап етті.
https://sputnik.kz
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/75/2467512_68:0:1133:799_1920x0_80_0_0_5cc759ce4e187904198d4ba09375f659.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. "Ақ жол" фракциясы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жерін және басқа да жоғары оқу орындарының мүлкін талан-таражға салудың заңдылығына тексеріс жүргізуді талап етті.
"Ақ жол" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Бас прокуратураға тиісті депутаттық сауал жолдаған.
Белгісіз себептермен университеттің жер учаскесі 1 гектарға азайған, бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырды.
"БАҚ және әлеуметтік желілерден өңірлердегі мемлекеттік оқу орындарының жері мен ғимараты белгісіз адамдардың қолына өтіп кеткенін білеміз. Мысалы, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бұрынғы оқу-өндірістік кешені түнгі клубқа айналған. Дәл осындай жағдай жатақханалар мен университеттердің басқа да мүлкіне қатысты болып жатыр", - деп атап өтті Дүйсембинов.
Былтыр 22 ақпанда жолданған фракцияның сұрауына сәйкес, білім және ғылым министрлігі ҚазҰУ аумағының 0,779 гектары белгісіз қолға берілгенін растады және университет жерін осылай бөлудің заңдылығына тексеру жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ депутаттың талабы бойынша өңірлердегі сегіз жоғары оқу орнына тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылуы қажет.
Алайда бір жылдан астам уақыт өтті, министрлік бұл туралы ешқандай ақпарат бермей отыр.
Бас прокуратураның жауабында ҚазҰУ-дың жер учаскесінің көлемі 1,8 гектарға азайғаны, бірақ оның заңдылығын тек жоғары оқу орны өтініш жазған кезде ғана тексерілетіні көрсетілген.
Партия университеттің қазірге дейін үнсіз отырғанына қарап, былтыр ҚазҰУ басшылығы тексеріс бойынша өтініш жасамаған деген пікір айтты.
Осыған байланысты "Ақ жол" депутаттық фракциясы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесін иеліктен шығару фактісіне қатысты қайта тексеру жүргізуді және басқа өңірлердегі оқу орындарының жерін, ғимараттары мен мүлкіне тексеріс жүргізуді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды университеттерге қайтаруды қамтамасыз етуді және заң бұзушылыққа кінәлі адамдарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының басшылығын, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылығын да жауапқа тартуды талап етті.