Өңірлер

Солтүстікте полиция егде жастағы әйелдің туыстарын іздеп жатыр

© департамент полиции Северо-Казахстанской областижоғалған әйел
жоғалған әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
Егде жастағы әйел облыс ішінде жол жөнекей көлікпен қатынаған, адамдардан түнеп шығуға рұқсат сұраған, қазір ол ауруханаға түсті
ПЕТРОПАВЛ, 18 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер жадынан айырылған әйелдің туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлердің мәліметінше, 10 сәуірде Ақжар ауданынан Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының медицина мекемесіне құжаты жоқ қарт әйел жеткізілген.
"Ол әртүрлі фамилияны айтып, туған жылы мен тұрғылықты жерін айта алмады. Медицина қызметкерлері ол туралы полиция мен еріктілерге хабарлады. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қазір әйелдің жеке басын анықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр", - деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желіде әйелдің фотосын жариялап, танитын адамдарды іздеп жатыр. Қозғалыс үйлестірушісі Кристина Ашпекованың айтуынша, облыс тұрғындарының біразы іздеу жұмыстарына қосылған.
Олардың арасында әйелге бір кездері баспана бергендер де бар. Олардың айтуынша, ол облыс ішінде жол жөнекей көлікпен қатынаған, адамдардан түнеп шығуға рұқсат сұраған. Өзі туралы әртүрлі мәлімет айтқан.
"Қазір әйелдің жеке басын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бағдар қалалық басқарма бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдеріне, Ресей Федерациясының шекаралас аудандарына жіберілді", - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Полиция әйел туралы білетіндерден хабар беруін сұрады.
Жаңалықтар
0