https://sputnik.kz/20220418/qazaqstan-oqushylar-bilim-zhetistikteri-monitoring-24274491.html
Қазақстандық оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
Қазақстандық оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
Sputnik Қазақстан
Министрлік оқушылардың білімін тексеріп, олардың мықты және әлсіз тұстарын анықтайды 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T10:41+0500
2022-04-18T10:41+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
білім
жетістіктер
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18065227_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_5d2e91e296044fbb8331bd1ecab2f862.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды. Ол сәуір айының соңына дейін созылады.Бұл туралы білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады."Бүгін еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептің 25%-і, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (БЖМ) басталады. Оған 4 және 9-сыныптардан 112 мыңнан астам оқушы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады", - деп жазды вице-министр.Мониторингке қатысатын мектептер кездейсоқ таңдалған.Қаринованың айтуынша, мониторинг арқылы министрлік білім сапасын зерттейді. Мектептерде мониторинг жүргізу туралы норма заңға былтыр енгізілген, ал биыл мектептерде алғаш рет өткізілгелі тұр.Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған.Айтуынша, мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады. Осылайша әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
https://sputnik.kz/20220415/aymagambetov-tarikh-pani-oqytu-ozgerister-24223157.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18065227_359:0:2607:1686_1920x0_80_0_0_767fb2e66b2869b9930761485608d2bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім, жетістіктер, оқушы
білім, жетістіктер, оқушы
Қазақстандық оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
10:41 18.04.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Министрлік оқушылардың білімін тексеріп, олардың мықты және әлсіз тұстарын анықтайды
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды. Ол сәуір айының соңына дейін созылады.
Бұл туралы білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептің 25%-і, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (БЖМ) басталады. Оған 4 және 9-сыныптардан 112 мыңнан астам оқушы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады", - деп жазды вице-министр.
Мониторингке қатысатын мектептер кездейсоқ таңдалған.
Қаринованың айтуынша, мониторинг арқылы министрлік білім сапасын зерттейді. Мектептерде мониторинг жүргізу туралы норма заңға былтыр енгізілген, ал биыл мектептерде алғаш рет өткізілгелі тұр.
Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған.
"БЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды. Ол оқушылардың мықты және әлсіз тұстарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді", - деп түсіндірді Қаринова.
Айтуынша, мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады. Осылайша әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.