Қоғам

Қазақстанда наурыз айында орташа жалақы 275 мың теңгеге дейін өсті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
Наурызда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ті құрады
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда наурыз айында орташа айлық жалақы 275 мың теңгеден асты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ақпандағы бағалау бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 143 246 теңгені құрады. Бұл былтырғы ақпанмен салыстырғанда 17,3%-ке жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай табыс 7,9%-ке ұлғайды.
"2022 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Жұмыссыздар саны – 457,4 мың адам, ал жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда – 4,9%.
Наурыздың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 175 мың адамға жетті, бұл жұмыс күшінің 1,9%-не тең.
теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Қоғам
Алты ай төлемақы алуға болады: жұмыссыз қалғанда қайда жүгіну керек
Жаңалықтар
0