Білім

Нұр-Сұлтанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының көрмесі өтеді

Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Елордадағы Орыс үйінде 23-24 сәуірде жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының "Ресейде оқы" көрме-презентациясы өтеді.
Көрмеге келген талапкерлер мен ата-аналар ресейлік университеттердің өкілдерімен әңгімелесуге мүмкіндік алады. Ресей университеттері барлық қызмет саласын қамтитын 300-ден астам оқу бағдарламасын ұсынады.
Сондай-ақ, келушілер назарына ресейлік білім мен университет бітіргеннен кейін жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы дәрістер мен презентациялар ұсынылады.
"Былтыр Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ресейлік жоғары оқу орындарының онлайн-презентациясы жобасын сәтті іске қосты. Ол қазақстандық талапкерлердің үлкен қызығушылығын туғызды. Біз "NICE" халықаралық білім орталығымен ынтымақтасып, 170-тен астам университет пен институтты таныстырдық. Арасында шығармашылық және медициналық оқу орындары да бар. Ресейде білім алуға қызығушылық танытқандар аз болмады. Көрме қонақтары ресейлік университеттер туралы тұщымды ақпарат алатынына сенімдімін", - деді Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің директоры Алексей Коропченко.
Айта кетері, жыл сайын Қазақстаннан 20 мыңнан астам жас Ресейге оқуға түседі. Соның ішінде 40%-ке жуығы тегін оқиды. Бұл ретте келісімшарт негізінде оқу да сұранысқа ие, оның құны әлемнің жетекші елдеріне қарағанда әжептәуір арзан.
Көрмеге қатысатындар:
Оңтүстік федеральды университеті (Ростов-на-Дону қ.)
Марийский мемлекеттік университеті (Йошкар-Ола қ.)
Уфа мемлекеттік авиация техникалық университеті
Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университеті
Уральск мемлекеттік орман-техникалық университеті (Екатеринбург қ.)
М.И.Платов атындағы Оңтүстік-Ресей мемлекеттік политехникалық университеті (Новочеркасск қ.)
Н. И. Лобачевский атындағы Нижегородский ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті
"МИЭТ" ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу қ.)
М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогика университеті (Уфа қ.)
Уральск мемлекеттік экономика университеті (Екатеринбург қ.)
Мәскеу политехникалық университеті
Қазан (Приволжский) федеральды университеті
М. А. Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университеті
Новосібір мемлекеттік университеті
Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті (Мәскеу қ.)
А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Мәскеу қ.)
Санкт-Петербург мемлекеттік аэроғарыш аспабын жасау университеті
Қазан мемлекеттік энергетика университеті
Ю. А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті
Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Санкт-Петербург университеті
Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті
Уральск мемлекеттік заң университеті (Екатеринбург қ.)
М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федеральды университеті (Якутск қ.)
Мәскеу авиация институты (ұлттық зерттеу университеті)
Орынбор мемлекеттік университеті
Қазан ұлттық зерттеу технология университеті
Севастополь мемлекеттік университеті
Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ.)
Тула мемлекеттік университеті
В. А. Дегтярёв атындағы Ковров мемлекеттік технология академиясы.
Жаңалықтар
0