Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды

© Photo : Издание "Диапазон"Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды
Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қалалық №7 бағдардағы автобус Шернияз көшесіндегі дүкенге соғылды, деп хабарлайды "Диапазон".
Дүкен тұрғын үй ғимаратында орналасқан.
Бақылау камерасындағы жазбадан бағдардағы автобустың кенет жолдан бұрылып, Шернияз 33 мекенжайындағы үйге соғылғанын көруге болады.
"Автопарк" ЖШС қызметкерлері зардап шеккендердің жоқ екенін, автобус айып тұрағына қойылғанын хабарлады.
"18 сәуірде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында бағдардағы автобус жол апатына ұшырады. №7 автобустың жүргізушісі Уәлиханов көшесі жақтан Шернияз көшесімен келе жатып, жол қоршауын соғып кетіп, соққыдан қозғалыс бағыты өзгеріп, дүкен ғимаратына соғылған. Автобуста жолаушылар болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Тексеріс басталды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0