Алматы облысында 80 жастағы қария жол апатына себепкер болды: бір адам көз жұмды

© Photo : Скриншот видеоАлматы облысында 80 жастағы қария жол апатына себепкер болды
Алматы облысында 80 жастағы қария жол апатына себепкер болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
Жол апатынан бір адам қаза тапты, үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер арасында әйел мен қыз бар
ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 80 жастағы зейнеткердің әрекеті салдарынан үш көлік соқтығысты, бір адам қайтыс болды.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода жол апатына түскен үш көлік түсірілген: екі көлік жолдың үстінде, бірі жол жиегінен шығып кеткен. Видео авторы оқиға Алматы – Бақанас автожолында болғанын айтады.
Алматы облысының полиция департаменті бұл фактіні растады. Алдын ала болжам бойынша апат көлік тізгініндегі 80 жастағы зейнеткердің әрекеті салдарынан болған.
"Volkswagen Golf, Volkswagen Getta және Mitsubishi Galant автокөліктері жол апатына түсті. Автокөліктің бірінің рөліндегі қарт жүргізуші алдындағы көліктен озамын деп қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан, одан кейін инерциямен бір бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер Қапшағай ауруханасына жеткізілді.
Полиция жолапаты фактісі бойынша қажетті сараптаманы тағайындады. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.
Жаңалықтар
0