Қоғам

Талдықорғанда Тоқаев атынан мың адамға ауызашар берілді – видео

© Sputnik / Абзал КалиевАуызашар - разговение во время священного месяца Рамазан
Ауызашар  - разговение во время священного месяца Рамазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2022
Жазылу
Бірақ бұл ақпаратты Талдықорғанның бас имамы Алмас Сағидолла растады
ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 сәуір – Sputnik. Қасиетті Рамазан айында Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ауызашар алдындағы видео тарады. Ол жерде Талдықорғанның ең үлкен мейрамханасының іші мен жайылған дастархан түсірілген.
"Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екі күн қатарынан 500 адамға ауызашар өткізіледі", - дейді кадр сыртындағы кісі.
Сондай-ақ мемлекет басшысының атынан ауызашар Шымкентте де берілгені хабарланды.
Мемлекеттік органдар ресми түсініктеме бермеді. Бірақ бұл ақпаратты Талдықорғанның бас имамы Алмас Сағидолла растады.
"Қасиетті Рамазан айында еліміздің түрлі облысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ораза ұстайтын 1000 мұсылман үшін ауызашар беріледі. Талдықорғанда бірден 1000 адамға арналған мейрамхана болмағандықтан, 500 адамға арналған ең үлкен мейрамхана таңдалды. Ауызашар екі күн қатарынан өткізілді. Ауызашарға келген, бірақ ішке сыймай қалған адамдарды қайтармадық, оларға сыртта ас-су берілді", - деді Алмас Сағидоллаұлы Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Жаңалықтар
0