https://sputnik.kz/20220417/shymkent-kene-shaqqan-adamdar-sany-ush-ese-kobeydi-24261152.html
Шымкентте кене шаққан адамдар саны үш есе көбейді
Шымкентте кене шаққан адамдар саны үш есе көбейді
Sputnik Қазақстан
Қалада дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол отызыншы мамырға дейін жалғасады 17.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-17T13:22+0500
2022-04-17T13:22+0500
2022-04-17T13:22+0500
өңірлер
шымкент
кене
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_0:77:2096:1256_1920x0_80_0_0_762b4c0f736e32c1ac6d9938b8142bb8.jpg
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Шымкентте кене көбейетін кезең басталды: биыл кене шаққан адамдар саны үш есе артқан, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі."Шымкент қаласында 2021 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 2 жағдайы тіркелді. 2022 жылдың үш айында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Алайда қазір қала бойынша кене шағып, медициналық көмекке жүгінгендер саны 22 адамға жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда дәл осы кезеңде үш есе өскен", - деп хабарлайды комитет мамандары.Айтуынша, 2021 жылы барлығы жеті жағдай тіркелген.Шымкент Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша індет көп анықталатын өңір саналады.Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елді мекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы тазарту, сондай-ақ жануарларды, мал қоралары мен буферлік аймақтарды тазалау жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызметтің күшімен көктемгі дезинфекциялық іс-шаралар басталды. Кенеге қарсы шаралар 30 мамырға дейін созылады.Қала тұрғындарынан іргелес аумақты, мал қорасын механикалық тазалауды, өңдеу жүргізілген жерден қи шығаруды, яғни сапалы дезинфекциялау үшін жағдай жасауды сұрайды.
https://sputnik.kz/20190502/kene-shaqsa-ne-isteu-kerek-9973744.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_107:0:2032:1444_1920x0_80_0_0_6199a7f13c832d51823c65263319a002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, кене
Шымкентте кене шаққан адамдар саны үш есе көбейді
Қалада дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол отызыншы мамырға дейін жалғасады
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Шымкентте кене көбейетін кезең басталды: биыл кене шаққан адамдар саны үш есе артқан, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
"Шымкент қаласында 2021 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 2 жағдайы тіркелді. 2022 жылдың үш айында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Алайда қазір қала бойынша кене шағып, медициналық көмекке жүгінгендер саны 22 адамға жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда дәл осы кезеңде үш есе өскен", - деп хабарлайды комитет мамандары.
Айтуынша, 2021 жылы барлығы жеті жағдай тіркелген.
Шымкент Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша індет көп анықталатын өңір саналады.
Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елді мекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы тазарту, сондай-ақ жануарларды, мал қоралары мен буферлік аймақтарды тазалау жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызметтің күшімен көктемгі дезинфекциялық іс-шаралар басталды. Кенеге қарсы шаралар 30 мамырға дейін созылады.
Қала тұрғындарынан іргелес аумақты, мал қорасын механикалық тазалауды, өңдеу жүргізілген жерден қи шығаруды, яғни сапалы дезинфекциялау үшін жағдай жасауды сұрайды.