https://sputnik.kz/20220417/shygys-qazaqstan-ort-sondirushiler-24263930.html
Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер мүгедек адамды қауіпті аймақтан алып шықты
Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер мүгедек адамды қауіпті аймақтан алып шықты
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 24 шаршы метр отты ауыздықтады 17.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-17T16:49+0500
2022-04-17T16:49+0500
2022-04-17T16:49+0500
өрт
семей
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270332_0:195:2946:1852_1920x0_80_0_0_4b89974d5fed8770700c1da114147d86.jpg
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Семейде құтқарушылар өрт шыққан үйден мүгедек азаматты алып шықты, деп хабарлады облыстың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. Сәтпаев көшесінде шөп өртенген, ол артынша монша, гараж бен шаруашылық аймағына жайылған. Тұрғын үйге қауіп төнген кезде өрт сөндірушілер бірден ішке кіріп, 1984 жылы туған мүгедек адамды қауіп аймағынан алып шықты. Өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 24 шаршы метр отты ауыздықтады. 2 гектарға тараған дала өрті де сөндірілді. Өртті сөндіруге алты техника, 30 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ҚазМұнайГаздың өртке қарсы қызметінің 4 қызметкері мен 2 техникасы қатысты. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Кейінгі кезде облыста күн сайын шөптің өртену фактісі тіркеліп жатыр, құтқарушылар тәулігіне осындай 30 шақыртуға барады.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270332_109:0:2838:2047_1920x0_80_0_0_2c22a40d82781169b601c13798186c39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, семей
Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер мүгедек адамды қауіпті аймақтан алып шықты
Өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 24 шаршы метр отты ауыздықтады
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Семейде құтқарушылар өрт шыққан үйден мүгедек азаматты алып шықты, деп хабарлады облыстың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Сәтпаев көшесінде шөп өртенген, ол артынша монша, гараж бен шаруашылық аймағына жайылған.
Тұрғын үйге қауіп төнген кезде өрт сөндірушілер бірден ішке кіріп, 1984 жылы туған мүгедек адамды қауіп аймағынан алып шықты. Өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 24 шаршы метр отты ауыздықтады.
2 гектарға тараған дала өрті де сөндірілді. Өртті сөндіруге алты техника, 30 адам жұмылдырылды.
Сондай-ақ өртті сөндіруге ҚазМұнайГаздың өртке қарсы қызметінің 4 қызметкері мен 2 техникасы қатысты. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Кейінгі кезде облыста күн сайын шөптің өртену фактісі тіркеліп жатыр, құтқарушылар тәулігіне осындай 30 шақыртуға барады.